Жамбыл облысында 76 жастағы әже 5-қабаттан құлап кетті

0 0

Оқиға облыс орталығында 12-ақпан күні орын алған. Күндізгі сағат 16:00 шамасында 8-мөлтекауданда орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан 76 жастағы әйел адам құлап кеткен. Ол бірінші қабатта орналасқан сұлулық салонының шатырына құлағандықтан аман қалды. Алайда, түрлі дене жарақаттарымен қаладағы ауруханалардың біріне жеткізіліпті. Әйелдің терезеден қалай және не себепті құлап кеткені әзірге белгісіз. Құқық қорғау қызметкерлері бұл жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.