«Мәңгілік Ел – бірлікке бастар жол» атты кітаптар көрмесі өтті

0 53

Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының қосымша білім беру педагогы Алима Жувандикова және С.Сейфуллин орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Дарыбаева Айсулу Бейсенбековна мен кітапханашы Иманбаева Розаның ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел – бірлікке бастар жол» тақырыбында кітап көрмесі С.Сейфуллин орта мектебінің кітапханасында өтті. Кітаптар көрмесіне мектептің 2-9 сыныптарынан дарынды 20 оқушылар
қатысты.
Кітапхана залында еліміздің тәуелсіздік алған сәтінен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы еңбектері және тәуелсіздік жылдарында баспадан шыққан әдебиет туындыларымен қамтылған кітап көрмесі жасалынған.
Көрменің басты мақсаты: Ата — бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.
«Қазақ мемлекеттілігінің дамуы» атты бөлімде ежелден еркіндікті аңсап, азаттықты көксеумен келе жатқан еліміздің тарихын баяндайтын қазақ хандығы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі алаш қайраткерлерінің саяси күресі туралы әдебиеттер қойылған.
Тұңғыш Президенттің ғибратты ғұмыры, елмен етене өмірі, еліміздің егемендікке жету жолы, мемлекет құру, экономикасы қуатты, саясаты тұрақты, ынтымақшыл ел жасау жолындағы қасиетті тарихымыз туралы әдебиеттер көрменің «Қазақстанның тарихи белестері» бөлімінде орналастырылған.
«Мәңгілік ел-Тәуелсіз Қазақстанның ұлы мұраты» бөлімінде мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен мүддесін айқындайтын әдеби туындылар ұсынылған.
Астананың алғашқы авторы – Тәуелсіздік. Астананың өмірге келуі, Қазақстанның жаңа тарихының ең бір қиын да жарқын сәттерін баяндайтын әдебиеттер «Астана – Тәуелсіздік жемісі» бөлімінде орналасқан.
Кітап көрмесіне 100-ден аса кітап, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауы мен бағдарламалық құжаты, альбомдар, мерзімді басылымдар, фото-суреттер қойылды.
Көрмеде оқушыларға Елбасының өмірі мен шығармалары таныстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.