Байзақ ауданында «Ата-баба аңсаған Мәңгілік Ел» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды

0 107

 Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Мәңгілік Ел» тәрбие және білім беру орталығының қосымша білім беру педагогы А.Н.Жувандикова және С.Сейфуллин орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Дарыбаева Айсулу Бейсенбековна ұйымдастыруымен «Ата-баба аңсаған Мәңгілік Ел» тақырыбында эссе жазу байқауы өтті.

Эссенің мақсаты тәуелсіздік жолындағы батырлардың ерлігін айта отырып, патриоттық сезімдерін дамыту арқылы елін, жерін сүйетін, ата-баба тарихын қадір тұтатын ұрпақ тәрбиелеу.Оған мектептің 9-10 сыныптарынан дарынды оқушылар қатысты.Ата-бабамыз армандаған Тәуелсіздігімізді баянды етіп, елімізді өркениет биігіндегі елдердің алдыңғы қатардағы шоғырынан көретін болсақ, ұлттық идеямыздың орындалғаны емес пе. Мәңгілік Ел болудан артық қандай мақсат, қандай арман болуға тиіс.«Мәңгілік Ел» – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.Елбасының «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы — болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы — еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы — елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
«Қазақстан — 2050» — Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен мағызға ие болды.
Әр оқушы эссе жазуға қатысып, өз ойларын ортаға салды. Нәтижесінде 10 сынып оқушысы Жақсылық 3-ші орынды иеленді. 2-ші орынды 11 сынып оқушысы Арқабаева Жансая иеленді, 1-ші орынды 10 сынып оқушысы Сатанова Салтанат дипломмен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.