Құмар Ақсақалов: жердің бәрі 10 жыл бұрын сатылып кеткен

0 0

Құмар Ақсақалов не өзі, не біреулерге жұмыс істеуге мұрша бермейтін шаруалардан жерді қайтарып алу керек екенін атап өтті

Петропавлда бұдан былай жер телiмдерi ашық аукциондар арқылы сатылады. СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жер қатынастары басқармасының кеңейтiлген алқа отырысында осылай деп мәлiмдедi. Бұрын жер сату саудасы облыс орталығында өткiзiлмейтiн едi. Соның кесiрiнен қазiр қалада бос жер учаскелерiнiң тапшылығы байқалады, деп хабарлады Sputniknews.kz.

«Қалада бос жер телiмi жоқтың қасы. Инвесторларға жер таба алмадық. Бәрiн 10 жыл бұрын сатып жiберген, аукционсыз. Ендi жер телiмдерi тек ашық аукцион арқылы сатылу керек. Жердi алғаннан кейiн онда нысан тұрғызу қажет, өйтпеген жағдайда қайтарып аламыз», — дедi өңiр басшысы.

Жер телiмдерiн сату кезiнде барлық жағдайды ескерген жөн. Әсiресе, демалыс орындарында жердi сатуға тыйым салынды.

«Адамдар демалатын орындарда жердi мүлдем сатуға болмайды. Бiзде саябақта жердi үй тұрғызуға сатып жiберген. Дәл жаяу жүргiншiлер өтетiн жерге баспана тұрғызу еш қисынға келмейдi», — дедi Құмар Ақсақалов.

Жер қатынастары басқармасының басшысы Ерболат Бекшеновтың басты мақсаты — ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi күтiп баптамайтын шаруашылықтардан қайтарып алу процесiн бастау.

«Бұл шаруалар не жұмыс iстемейдi, не бiреулерге еңбек етуге мұрша бермейдi. Жалақы төлемейдi, тыңайтқыштарды енгiзбейдi, технологияны сақтамайды. Осының кесiрiнен тұрғындар зардап шегуде. Мұндай жер иеленушiлердiң қатары жыл санап азайып отыру керек. Заң ондай жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк берiп отыр. Мен сiздi осы қызметке сол үшiн тағайындадым», — дедi облыс әкiмi.

Атап өткен жөн, былтыр облыста 188 мың гектар жер мемлекеттiң меншiгiне қайтарылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.