Қарағанды дәрігерлері балалар киімінен у тапты

0 0

Қарағандыда балалар киімінен у табылған. Формальдегид Қырғызстанда жасалған жаялықтарда, кеудешелерде жасырылған, деп хабарлайды  «Астана» телеарнасы

Санитарлық дәрігерлер қаланың барлық ірі сауда орындарын тексеруден өткізді. Зиянды заттар базарлармен қатар дүкендерден де табылған. Олар сатылымнан алынып, сатушыларға 200 миллион теңгеге айыппұл салынды.

«Қырғызстанда жасалған балалар киімінде олардың денсаулығына аса қауіпті формальдегидтің көп мөлшері мен қоса гигроскопиялық және материалды қолданудағы сәйкессіздік кездеседі. Өнімдердің көпшілігі Алматы мен Бішкек базарларынан әкелінген. Формальдегид дегеніміз — у. Ол адам ағзасына теріс әсер етуі мүмкін» деді Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Юрий Залыгин.

Санитарлық дәрігерлер дүкеннен киім сатып алар кезде сапа сертификатын көрсетуді талап етіп, тауардың құрамы мен таңбалануына назар аударуға кеңес береді. Олардың айтуынша, тіпті киімді иіскеп көрген дұрыс. Себебі, формальдегид түссіз, бірақ иісі өткір болады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.