Облыстық «Ана мен бала» оңалту орталығында жаңа құрылғыны таныстырды

0 4

21 ақпан күні  «Ана мен бала» Жамбыл облыстық оңалту орталығында іштегі нәрестенің жүрек соғуын қадағалайтын жаңадан пайда болған құрылғымен таныстыру жиыны болып өткендігін орталық баспасөз қызметі.

Жиынға Бөлім басшының орынбасары Исмаилова К.М.,  Акушер – гинеколог дәрігер Стамбекова З.Т., Аға мейірбике Ермекбаева Р.Ж қатысты.

Ұрықтың жүрек қағысы болашақ баланың өмір сүруінің негізгі көрсеткіші болып табылады, ол кез келген қолайсыз жағдай туындағанда тез арада өзгеріске енеді. Бұл құрылғыны ұрықтың 12 апталық кезінен – ақ  пайдалануға болады. Ультрадыбыстық құрылғы зиянсыз, батареямен  жұмыс істейді. Тексеру бар – жоғы 10 минутқа созылуы керек. Іштегі шарананың жағдайының жақсы екендігін білу үшін жүкті әйел кез-келген уақытта ұрықтың жүрек соғуын тыңдай алады.  Бүгінгі таңда бұл ультрадыбыстық детекторлар үлкен сұранысқа ие.

Leave A Reply

Your email address will not be published.