Қайрат Нұртас әйелі Жұлдызбен тағы да жасырын түрде той жасады

0 2

Шаңырақ көтергендеріне он жыл толған Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова мерейтойларын Мальдив аралдарында атап өтті. Әнші жарына он жылдан кейін махаббат сертін берді

«Он жыл! Біреуге көп, біреуге аз. Мен үшін он жыл қас-қағым сәтте өтіп кеткен сияқты көрінеді. Жұлдызыммен кеше ғана танысқандаймын. Он жыл бұрын қалай ғашық болсам, әлі де солай. Он жыл бұрын сенсіз өмірімді елестете алмасам, қәзір сендерсіз өмір сүре алмаймын. Әрдайым жанымда шыдамдылығыңмен, ақылдылығыңмен, сабырлығыңмен, маxаббатыңмен күш бердің жаным. Он жыл бұрын армандаған арманыма, жарыма берген уәдемді орындағаныма Аллаға шүкір. Бұл дүниедегі бар байлығым да, бақытым да отбасым. Жаратқан жәннәтқа бірге кіруді нәсіп етсін! Мен сені сүйем, Джули!» — деп жазба қалдырды Қайрат Нұртас.

Әншінің жары Жұлдыз Әбдікәрімова да өз қуанышымен бөлісті.

«Он жылдығымызды — Мальдив аралында, теңіздің жағасында, шашыңа ақ гүл қыстырып, ақ көйлекпен, ақ құмның үстінде, кинодағыдай атап өтеміз» деп, ылғи айтушы еді, Ақпатшам. Мен «әумин» деп қоятынмын. Ақпатшам уәдесінде тұрып, бүгін маған тосын сый жасап, он жылдық тойымызды атап өттік», — деді Әбдікәрімова.

Leave A Reply

Your email address will not be published.