Ұлықпан Жолдасовты ұятқа қалдырды (фото)

0 2

Елімізге белгілі композитор, продюсер, әнші Ұлықпан Жолдасовтың «Ән мен әнші» әнін «Air Astana» ұшағында «Аң мен аңшы» деп көрсеткен. Бұл жайында NUR.KZ порталына оқырмандардың бірі хабарлады.

«NUR.KZ» Сайтына оқырман жіберген сурет «Air Astana» ұшағында түсірілген. Сондай-ақ, тек бір ғана әнде емес, «Ақ қанат құсым» әнінің атауында да орфографиялық қателіктер кетіпті.

 

Ұлықпан Жолдасов. Фото: NUR.KZ.Осы орайда «NUR.KZ« порталы «Air Astana» әуе компаниясынан жіберілген қателіктерге байланысты пікір беруін сұраған еді.

«Эйр Астана» борттық ойын-сауық жүйесіндегі жіберген қателіктеріне өкінеді. Алдағы уақытта мұндайға жол бермеу үшін, мәтіндерді қатаң қадағалайтын болады», — деп жауап берді «Эйр Астана» компаниясы корпоративтік коммуникациялар департаментінің менеджері Тілек Әбдірахымов.

Ал Ұлықпан Жолдасовтың жары бұған қатысты ешқандай пікір білдірмеді.

Дереккөз: NUR.KZ

Leave A Reply

Your email address will not be published.