Таразда Республикалық айтыс өтіп жатыр

0 1

Тараз қаласында республикалық «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты ақындар айтысы өтіп жатыр. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылып отырған ақындар аламаны Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналды. Елімізге танымал жыр дүлдүлдерінің басын қосқалы отырған айтыс «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы мен облыс әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылып отыр.

Айтысқа Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртай, Аспанбек Шұғатаев, Қайнар Алагөз, Біржан Байтуов, Жансая Мусина, Еркебұлан Қайназаров, Шұғайып Сезімхан, Болатбек Оразбаев, Әсем Ережеқызы сынды елімізге белгілі республикалық және халықаралық айтыстардың жүлдегерлері келді. Ал, Жамбыл облысының атынан айтыста Айтмұханбет Исақов, Қанат Мырзахан, Нұрлыбек Құрманов, Аруна Керімбек, Рай Дөңбай және Дархан Әбдіманат бақтарын сынайтын болды.

Қазылар алқасына КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов төрағалық етеді. Айтысты Жүрсін Ерман жүргізіп отыр.

Дереккөз: aqjolgazet.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.