Жаңа Гвинея-Папуадағы жер сілкінісінен 30-дан астам адам мерт болды

0 0

Жексенбі күні Жаңа Гвинея аралының шығысында магнитудасы 7,5 болған жер сілкінісі салдарынан мерт болғандар саны 31 адамға жетті, деп жазады ҚазТАГ.

Басылым ақпарынша жер асты дүмпуінен 300-дей адам зардап шеккен, көптеген ғимараттар бұзылған. Хела мен Саузерн-Хайлендс провинцияларында электр тоғы зақымдалған және әуе рейстері тоқтатылған, Хела провинциясындағы Комо әуежайындағы ұшу-қону жолағы қабатының жартысы бұзылған.


Жер сілкінісінің салдарын жоюға әскер жұмылдырылған.
Магнитудасы 7,5 болатын жер сілкінісі дүйсенбі күні түнде жергілікті уақыт бойынша жаңа Гвинея аралының шығысында орын алған. Австралиялық сейсмологтардың ақпарынша, жер сілкінісінің ошағы 9 км тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісінің ошағы Менди қаласынан (шамамен 50 мың тұрғын) батысқа қарай 104 шақырым жерде болған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.