«Таразым – құт мекенім» атты мектеп түлектерінің форумы өтті

0 8

Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Бүгінгі тірек – ертеңгі тірек» жобасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды ZhambylNews AA.

Бүгінде түрлі салада елге қызмет етіп, жан-жақта жүрген түлектер «Баласағұн» концерт залында болашақ түлектермен жүздесті. Келушілерді Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет құттықтады. Сонымен қатар, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Дария Қожамжарова мен  Олимпиада жүлдегері  Ақжүрек Таңатаров мектеп бітірушілерге ақ тілегі мен ізгі ниетін жеткізді.

Форумның мақсаты — сан салада қызмет етіп, таңдаған мамандығы бойынша белгілі бір жетістікке жеткен кешегі мектеп түлектері мен оқушылар арасындағы өзара байланысты нығайту. Есте қалған естеліктерді, көңілді сәттерді айтып, ортақ әңгімелесуге шақыру.

Сондай – ақ, шара барысында алтын ұя мектептерін естен шығармай, демеушілік жасап жүрген №8 гимназия түлегі Әмина Қайназарова, №45 гимназияның түлегі Диас Жорабеков, №5 мектеп – гимназиясының түлегі Нұрлан Қанатов, №41 гимназия түлегі Антон Скрамовскийлер өз тәжірибесімен де бөлісті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.