Ақтөбеде жаңадан салынған Өнер орталығы мен «Жұбановтар әлемінде» шу шықты

0 0

Ақтөбеде пайдалануға берілгеніне көп бола қоймаған Өнер орталығы мен «Жұбановтар әлемінде» шу шықты, деп хабарлайды «Тілші».

Өнер орталығына жайғасқан филармония басшысы Елубай Кенжалының үстінен өнер адамдары тарапынан арыз қарша борап жатыр. Бүгінде оның үстінен құқық қорғау органдарына, облыс әкімінің атына арыз жазылған.

Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева бұл жайтты растады.

«Облыстық мәдениет басқармасына хат келді. Тексеру жүріп жатыр. Қорытындысы әзірге белгісіз», — деп қысқа қайырды ол.

Өз кезегінде, бір ай бұрын «Жұбановтар әлемінен» облыс басшысы бөлме берді» деп сүйінші сұраған «Шұғыла» шығармашылық орталығының қуанышы да су сепкендей басылды.

«… әлдеқандай қылып берген кабинеттерін бір айға жеткізбей тартып алды,  … бір айда екі мюзикл жасап бергеніміз жақпай қалды ма екен», — деп жазады ақын әрі журалист, «Шұғыланың» басы-қасында жүрген Индира Кереева желідегі парақшасында.

Leave A Reply

Your email address will not be published.