Жамбылдық полицейлер әйелдер қауымына гүл таратты

0 5

Жамбылдық полицейлер жүргізуші әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады, деп 24.kz хабарлады.

Бұл шара тәртіп сақшылары арасында дәстүрге айналған. Олар жолға шығып, қыз-келіншектер тізгіндеген көліктерді тоқтатып, 100 гүл ұсынды. Тіпті жол жүру ережесін бұзған кейбір жүргізушілерге кешіріммен қарап, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Соңғы жылдары өңірде көлік жүргізетін әйелдер қатары артқан. «Олар темір тұлпарды ер азаматтардан кем басқармайды», – дейді инспекторлар.

Жазира Маманова, көлік жүргізушісі:

— Менде бірінші рет мұндай болып тұр. Таразға жұмыс бабымен қонаққа келген едім. Жолда жүру ережесін бұзбаған секілді едім. Қорқып кеттім. Рақмет! Қуаныштымын. Жұмыстарыңыз алға баса берсін. Шаршамаңыздар.

Дидар Қадіров, полиция аға сержанты:

— Әрқайсысына гүл сыйлаудамыз. Тараз қаласы бойынша қазір бізде 5 автоэкипаж, яғни 10 қызметкер дәл осындай іс-шарамен айналысуда. Осыған орай әйел азаматтарын халықаралық мейрамдарымен құттықтаймын. Жол ережесін бұзбай сақтап жүрсін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.