Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

0 0

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге Сирияда Ан-26 ұшағы апатқа ұшырап, адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ZhambylNews Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Президенті Сирияда Ресейдің жүк тасымалдайтын Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтасып, көңіл айтамын және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын», – делінген жеделхатта.

Leave A Reply

Your email address will not be published.