Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы талқыланды

0 2

Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігі Қырғыз Республикасындағы қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесу өткізді, деп Zhambylnews хабарлайды. 

Басқосуда Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүзеге асырылып жатқан негізгі іс-шаралар, оның ішінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, жылы пікір алмасу жүргізілді.

Әсіресе, Жолдауда айтылған «цифрландыру», «цифрлық коммуникация» мәселелері және аталған мақалада қамтылған «қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру», «туған жерге тағзым» сияқты бағыттар кеңінен сөз болды.

Кездесуге қазақ диаспорасының өкілдері мен Қырғыз Республикасының дәрігерлері, мәдениет қызметкерлері, білім беру саласының мамандары қатысты.

Өз кезегінде диаспора өкілдері де өздері атқарып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларын ортаға салды.

Осы орайда, Елшілік екі елдің мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастығына диаспораның жәрдем көрсететініне сенім білдіре отырып, биылға жоспарланған бірқатар іс-шараларды бірлесе атқару жөнінде уағдаластыққа қол жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.