Қырғызстанда әйелдер шеруге шықты

0 0

Қырғызстандық феминистік қозғалыс белсенділері Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Бішкек пен Ош қалаларында жаяу шеру өткізді, деп azattyk.org хабарлайды.

Акцияға қатысушылар әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық пен кемсітуді тоқтату, әйелдер құқығын қорғауды талап еткен жазулар ұстап шыққан. Олар қоғамның барлық саласында әйелдер мен ерлер тең жағдайда болсын, әйелдердің өз өмірлеріне қатысты шешім қабылдауына ешкім тосқауыл қоймасын деген талап қойған.

Бейбіт шеруге шыққандар сонымен бірге трансфобияға, гомофобияға қарсы тұруға және мүгедек жандарды кемсітуді доғаруға шақырған. Олар үндеу жазылған жазулар ұстап, қала көшелерімен жүріп өткен.

Бішкектегі акцияны өткізуге «Бішкек феминистік бастамалары» бірлестігі, «Нәзік қыз» және «Лабрис» қоғамдық ұйымдары мұрындық болған. Оштағы акцияны «Жан толкун» қоғамдық ұйымы өткізген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.