Байқоңыр ғарыш айлағында ер адамдар әйелдерге ерекше құттықтау жолдады

0
13

Байқоңыр ер азаматтары әйелдер үшін ерекше құттықтау ойлап тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА .

Ғарыш айлағының бұрынғы әскери штабы, қазір Байқоңырдағы Роскосмос негізгі кәсіпорындарының бірі – Жерде ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығының (ЖҒИПО) орталық кеңсесі орналасқан қаладағы орталық алаңда 8 наурыз қарсаңында қара түсті автомобильдердің көмегімен құттықтау жасалған. Барлық әйелдерге арналған тосынсыйды ЖҒИПО қызметкерлері дайындаған болып шықты. 8 наурыз күні және мерекелік демалыс күндері Байқоңыр әйелдері осындай бірегей құттықтауды алып жатыр. «Біз бұл роликті барлық әйелдердің, әсіресе Байқоңырды өзіне қымбат санайтын нәзік жандардың ғарыш айлағындағы арнауды көруі үшін  youtube желісіне жарияладық», – деді құттықтауды ұйымдастырушылар. Байқоңыр қаласында мейрамға орай көптеген мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here