Бүгін Кубада парламент сайлауы өтеді

0 0

Бүгін, жексенбіде Кубада Халықтық үкіметтің Ұлттық ассамбеясына (бір палаталы) сайлау өтеді. Ал сәуірде парламент депутаттары жаңа шақырылымға жиналып, өз қатарынан  86 жастағы мемлекет басшысы Рауль Кастроның мұрагерін сайлайды, деп хабарлайды ТАСС.

Рауль Кастро 2008 жылдан бері Мемкеңестің және Куба министрлер Кеңесінің төрағасы луазымын атқарып келеді. Ол бұл қызметте өзінің ағасы Куба революциясының көшбасшысы Фидель Кастроның (1926-2016) орнын алмастырды. Рауль Кастроның орнына Мемкеңестің және Министрлер кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Мигель Диас-Канель бірден бір мұрагер  саналып отыр. Куба халқы жексенбіде Ұлттық ассамблеяның 605 депутатын, сондай-ақ  халықтық үкіметтің 1,2 мың провинциальдық ассамблея делегаттарын сайлайды. Конституцияға сәйкес, парламент және 15 провинцияның өзін-өзі басқару органдары бес жылда бір рет жаңартылып отырады. Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен 07:00-де ашылады. Дауыс беру дүйсенбіде18:00-де аяқталады

Дереккөз:  inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.