Тоқмәди туралы тың деректер: оқиға туралы тұрғындар не біледі

0 0

Қазақстандағы Халықаралық әйелдер күні кәсіпкер, банкир Тәтішев өліміне кінәлі Мұратхан Тоқмәдидің ауруханадан қашып кетуімен аяқталды. Алайда оқиғадан бірнеше сағат өткен соң Тоқмәди ұсталды.

Today.kz оқиға болған Тараз қаласына барып, жағдайды бақылап көруді жөн көрді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланғандай, 8 наурыз күні кешке қаланың шекарасына мықты күзет орнатылған. Олар қала шекарасынан кіріп-шыққан барлық көлікті түгелдей тексерді. Бірақ бүгін таңертең күзет болған жоқ. Қалаға кіреберісте бірде-бір полиция қызметкері көрінбеді.

Жамбыл облыстық ауруханасы Тараздың орталығында орналасқан. Қызғылт түсті аурухана ғимаратын әлі бүршік жармаған, қара ағаштардың арасына аңғару қиын емес.

Жамбыл облыстық ауруханасының аумағы өте үлкен. Сондықтан аурухана бірнеше жеке блоктарға бөлінген.

Тіпті, мұндағы адамдардың барлығы бірдей түнде болған оқиғадан хабардар емес екен.

«Жоқ, ештеңе естіген жоқпын. Түнде менің кезекшілігім болған. Бірақ ештеңе естімедім», – дейді осындағы медбикелердің бірі.

Қызметкер әйел ауруханадағы ақылы бөлімнің қайда екенін көрсетті(алдын-ала хабар бойынша Тоқмәди ақылы бөлімнен қашып кеткен). Ақылы бөлімді бірден табу оңай болған жоқ.

Күзетшілердің бірі ақылы бөлім жетінші блогта екенін айтып, жол сілтеді.

«Кеше мен кезекшілікте болған жоқпын. Бірақ ол(Мұратхан Тоқмәди – ред.) қашып кетті деп жатыр ғой. Әне, сары лента ілулі тұр. Ол сол жерде қарауылмен жатқан, бірақ қашып кетіпті, таңға жақын ұсталды деп жатыр ғой», – деді күзетші.

Ауруханадағы емделушінің мәліметінше, жетінші корпустағы ақылы бөлім бірінші қабатта орналасқан. Жетінші корпустың аймағы полицейлердің сары дабыл лентасымен қоршалған.

Дереккөзден Мұратхан Тоқмәдидің құрықталған жері де анықталды. Қашқынды №1 шағынауданнан таңғы сағат 3 шамасында ұстаған.

Егер кешегі Тоқмәди бағытын елестетсеңіз, онда бұл келесідей көрінеді: аурухана мен ұсталған орны Төле би көшесінің бойымен екі шақырымнан астам алыс жерде орналасқан.

Айыпталушы құрықталған маңайдағы көп қабатты үй тұрғындарынан оқиға туралы сұрап көрген едік. Олардың көбісі оқиғадан хабарсыз боп шықты.

Әткеншек тепкен балалар, бейқам мектеп оқушылары мен балаларын қыдыртқан аналар. Тіпті, бұл жерде осыдан бірнеше сағат бұрын арнайы операция ұйымдастырылды деген ой басыңызға кірмеуі де мүмкін.

Бүгін бірнеше тұрғынды полиция қызметкерлері тергеген екен.

«Құқық қорғау органдарының қызметкері кеше менен абай болуымды сұрады. Қалада қаруланған адам жүр деді», – дейді ер адам.

Тоқмәди құрықталған 9А мекен-жайына келдік. Мұндағы тақтайшада «Санал-Консалтинг» ЖШС орналасқаны жазылған.

Мұндағы ғимаратқа қарап қараусыз қалған автотұрақ не көлік жөндеу орталығы болғанын байқауға болады. Үлкен аумақтың әр жеріне шағын үйлер салынған.

«Екі полиция қызметкері келіп менен сұрады. Бірақ мен оны (Мұратхан Тоқмәди – ред.) көрген жоқпын», – деді аумақтың күзетшісі.

ҰҚК-нің хабарлауынша, Мұратхан Тоқмәди ұсталғаннан кейін уақытша ұстау абақтысына қамалды. Бұл жердегі өмір сырт көзге осылай көрінеді.

Тұтқындалған Тоқмәдиді тергеу кезінде түсірген видеода Мұратхан Тоқмәди қашқанын мойындап, ісінің қате болғанын айтады.

9 наурызда тергеу изоляторында Мұратхан Тоқмәдидің қатысуымен брифинг өтуі керек болған. Брифинг «техникалық себептерге байланысты» 10 наурызға ауыстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.