Экватор сызығының маңында қуатты жер сілкінісі болды

0 1

Ғаламшарымызда қуатты жер сілкінісі тіркелді, деп 24.kz хабарлады.

Атлант мұхитындағы Асенсьон аралының жағалауында күші 5,9 балдық табиғи апат болды.

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісінің кіндігі 10 шақырым тереңдікте болды.

Табиғи апаттан қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Айта кету керек, Асенсьон аралы Ұлыбританияның иелігіндегі жер болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.