Түркиядағы «Қазақ елі» журналы кезекті санын Шерхан Мұртазаға арнады

0 6

Ыстамбұлда қазақ диаспорасының қолдауымен жарық көретін «Қазақ елі» журналы кезекті санын Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның шығармашылығына арнады, деп 24. kz хабарлады.

Онда қаламгердің өмірбаянына қысқаша шолу жасалып, туындылары жайлы жан-жақты мағлұмат берілген. Әсіресе оқырман қауым Шерхан Мұртазаның түрік тіліне аударылған «Ай мен Айша» атты романымен жақыннан танысуға мүмкіндік алып отыр. Өйткені түркиялық жазушы Емруллах Өздемир «Түркіге ортақ туынды» мақаласында тұтас бір дәуірді, сол кезеңде өмір сүрген халықтың өмірін бейнелеген шығармадан ерекше әсерленгенін айтады.

Атап өту керек, түбі бір түркі жұртын, Қазақстан тарихы, мәдениеті мен тұр­мыс-салтын насихаттайтын «Қазақ елі» журналы былтырдан бері қазақ-түрік тілдерінде жарық көріп келеді. Басылым Түркия және Қазақстанмен қатар Еуропаның 8 мемлекетіне таралады.

Серкан Динчтүрк, Қазақ-түріктері білім және зерттеу қоғамының төрағасы:

— Шерхан Мұртаза ағамыздың еңбектері осы жылдың ішінде түрік тіліне аударылды. Журналдың басты мақсаты да Қазақстанның танымал, ұлы тұлғаларын осы Түркиядағы 80 миллион халыққа таныту. 8 мемлекетке таралады. Еуропаға жібереміз. Онда тұрған қазақтар және түріктер де қазақтың ұлы тұлғаларын танысын деп шығарылған бір журнал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.