Зейнетақы заңнамасына өзгерістер енгізілді

0 0

27 наурыз күні Тараз қаласында барлық БЖЗҚ-ның  филиалдарында алғаш рет Ашық есік күні өтеді. Аталмыш шара әдеттегідей барша салымшылар мен алушылар үшін өте өзекті тақырып – зейнетақы жүйесіндегі өзгерістерге арналмақ. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындардың арасында түсіндірмелік жұмыстарды белсенді жүргізіп, салымшыларға зейнетақы жүйесіне қатысты кешенді сауалдар бойынша жан-жақты мәлімет беруде.

Зейнетақы жүйесін жаңғыртудың басты мақсаты – зейнетақы жинақтарының тиімділігін арттыру. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі зейнетақыны зейнеткерлерге еңбекке жарамсыз жаста жүйелі табыстың лайықты көлемін қамтамасыз ету мақсатында түрлі төлем көздерінен, нақтылар болсақ, мемлекеттік бюджет қаржылары есебінен (бұл базалық және ортақ зейнетақы) және салымшының өз қаржыларынан (жинақтаушы компонент, БЖЗҚ-ның төлемдері) берілетін қаржы ретінде қарастырады.

Яғни, зейнетақымен қамту деңгейі мемлекет пен жұмыс берушінің жарнаны уақытылы аударуына ғана емес, азаматтың өзіне көбірек байланысты болмақ», -деп атап өтті «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облысы филиалының өкілдері.

Зейнетақы заңнамасына 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап күшіне енген және таяу болашақта енгізілетін басқа да өзгерістермен қор мамандары 27 наурызда өтетін шара барысында кеңірек таныстырады. Сонымен қатар, салымшылар мен алушылар Ашық есік күні барысында өздерін толғандыратын сауалдарға жан-жақты жауап алып, мамандармен жеке кеңесе алады.

Естеріңізге сала кетейік, «БЖЗҚ» АҚ алғаш рет Ашық есік күнін тура бір жыл бұрын «Зейнетақы жүйесінің құрылымы қандай?» деген тақырыпта өткізген болатын. Салымшылар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие мұндай шараларды Қор жүйелі түрде әрбір тоқсан сайын ұйымдастырып келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.