Елімізде «Барыс 8×8» брондалған танкі шығарылды

0
8

«Paramount Group» африкалық ғаламдық қорғаныс және аэроғарыш компаниясы мен отандық «Қазақстан Paramount Engineering» (KPE) компаниялары бірігіп, «Барыс 8×8» брондалған танкін жасауда. Бұл жайында еліміздің Қорғаныс Министрлігі мәлім етті, деп arhar.kz хабарлады. 

Қазақстан қорғаныс саласын қарқынды түрде дамытуға байланысты шетелдік бірнеше компаниямен бірлесе отырып, жобаларды атқаруда. «Барыс» брондалған танкі қазіргі заманғы талаптарға сай жасалған. Сынақ барысында аталмыш брондалған танк ауа-райының барлық түріне төтеп беретіндігі дәлелденді. Мысалы ол — 45 градус аязға шыдап, яғни Сібірдің ауа-райынмен пара-пар суыққа төтеп берді. Сонымен қатар танк Шипунов 2A42 зеңбірегімен жарақтанып, оған 7,62 мм пулемет орнатылған. Сондай-ақ танкіге қосымша түрлі ату қондырғыларын орнатуға болады. Танк сынақттан сәтті өткендіктен, жаппай шығарылымға жіберілмек. Сол себепті жақын арада еліміздің әскери бөлімшелері жаңа брондалған танк түрімен жарақтанатын болады.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here