Жамбыл ауданында 405 млн 668 мың теңгеге меценаттық қолдау көрсетілмек

0 0

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аудан əкімі Б.Қазанбасов айтты, деп Zhambylnews.kz хабарлайды.
«Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуінің аясында:
— Аса ауылында «Бәйтерек» тұрғын үй алқабында үш қабатты тұрғын үй ағымдағы жылы пайдалануға беріледі;
— жоғарғы білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін 20 мың грант бөлінеді;
— 2018 жылы ауданның 13 елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз етіледі, жобаның (сараптама қорытындысына дейінгі) сметалық құны 4,2 млрд. теңгені құрайды. Бұл жұмыстар аяқталса, аудан аумағындағы елді-мекендердің 88 пайызы табиғи газбен қамтамасыз етілмек.
Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында барлығы 14 кіші жоба іске асырылады.

2018 жылы Бесжылдық ауылында сыйымдылығы 150 адамға, жобалық құны 7 млн.теңгені құрайтын спорттық алаң салу жоспарлануда. Бұл жоба меценат «Арайстроймаркет» ЖШС-басшысы А.Еділбаевтың қолдауымен жүзеге асырылып, 2018 жылдың күзінде пайдалануға берілсе, Бектөбе ауылында меценат «Газқұбырлары» ЖШС-і директорының бірінші орынбасары Ғ.Сағынтаевтың қолдауымен спорттық алаңның құрылысы жүзеге асырылады. Жоба құны 7,5 млн теңгені құрайды.

Жалпы, 2017 жылы 52 млн 60 мың теңгеге меценаттық қолдау көрсетілген. Ал, 2018 жылы 405 млн 668 мың теңгеге меценаттық қолдау көрсетілуі жоспарлануда.

Ауданның тарихи-мәдени орындарының тарихы, суреттері басылған, киелі орындардың картасы көрсетілген «Тарихи құндылықтар – ел бірлігі» атты арнайы кітапша әзірленіп, халыққа таныстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.