Өскеменде латын қарпінде жазудан жарыс өтеді

0 0

Наурыз мерекесі күні Өскеменде латын қарпінде жазудан жарыс өтеді. Бас жүлде — қазақтың қара домбырасы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

22 наурыз күні Өскемен қаласында «Латын графикасы — өркениет жазуы» атты акция өтпек. Оны облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық драма театры  ұйымдастырып отыр.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілетін шараның мақсаты — латын графикасындағы жаңа әліпбидің мән-маңызын көпшілікке таныстыру, тұрғындардың жаңа әліпбиге қызығушылығын арттыру. Акцияда жаңа әліпби негізінде жазу дағдысын қалыптастыруға арналған бірнеше кезеңнен тұратын ойындар ұйымдастырылады. Жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталады. Бас жүлде — қазақтың қара домбырасы», — дейді шараны ұйымдастырушы актер Едіге Ақылбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.