Қостанайда бес қабатты үйден өрт шығып, бір адам қаза тапты

0 0

Қостанай қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, 19 адам оқиға орнынан көшірілді. Күйік шалып, ауруханаға жеткізілген ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

 «17 наурызда кешкі сағат 17:12-де Қостанай қаласында 5 қабатты үйдің 5-қабатында өрт шықты. Оқиға орнынан 19 адам көшірілді, оның екеуі – бала. 17:35-те өрт сөндіріліп, 17:52-де ішіндегі адамдар көшірілді. 1970 жылғы ер адамды күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Өрттің шығу себебі – темекі шеккен кездегі абайсыздық», — делінген Төтенше жағдай комитетінің баспасөз қызметінде.

Өрт сөндіруге Қостанай облысының өрт сөндіру қызметінен 9 адам мен үш арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған.

«Зардап шегуші денесінің 60 пайызы күйіп қалған. Жағдайы ауыр. Оны жан сақтау бөліміне жатқызды. Бүгін таңертең ол қайтыс болды», — дейді Қостанай қалалық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Марат Әбілқасымов.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.