Елордада Наурыз мерекесіне қатысты ұмыт қалған дәстүр ұлықталды

0 1

Ұмыт қалған дәстүрдің қайта жаңғырған күні. Халықаралық Түркі академиясы наурыздың шығу тарихын қайта ақтарып, түркі елдерінде ұмыт қалған ата-баба дәстүрін ұлықтады. Басқосуда түркілердің Ергенеқоннан шығуы Наурыз мейрамымен байланыстырылатыны айтылды.

Тарихи деректерге сүйенсек, наурыздың түркі мәдениетіндегі өзге атауы Ергенеқон. Яғни бұл күн бірлік, еркіндік, бейбітшілік, молшылық пен береке күні боп есептелген. Академияның бастамасымен өткен мейрамда алғаш рет Ергенеқоннан шығудың рәмізі «темір ұру» салты көрсетілді.

Еліміздің қоғам қайраткерлері мен Әзербайжан, Түркіменстан, Түркия, Мажарстан және қырғыз елінің Астанадағы елшілері балғамен тас ұрып, жыл басы келгенін халыққа хабарлады. Жаңа бастауларды жұрт алдында сүйіншіледі. Мырзатай Жолдасбеков, қоғам қайраткері, түркітанушы ғалым:

— Наурыздың қайтадан қаза жеріне, Ұлы далаға қайтып оралғанына 30 жыл болған екен. Одан бері тәуба наурыз халықтың басын біріктіріп, басымызды қосып, берекемізді кіргізіп жатыр. Қымбатты бауырларым, Қазақстаным, бүкіл үлкен-кішісіне менің тілейтінім Құдай бергенінен жазбасын. Наурыз мерекесі құтты болсын. Әр үйдің отбасында, көрші елде ынтымақ болсын, бірауызды болайық.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.