«Қан  Орталығы»  наурыз мерекесімен құттықтайды

0 0

Наурыздың  19 күні Жамбыл облыстық «Қан Орталығы»  донорларына  өз есіктерін айқара ашты, деп хабарлайды  ZhambylNews  облыстық денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап.

Облыстық «Қан Орталығы»  донорларын көктеммен бірге еріп келген, жаңару мен тазарудың, әдеміліктің символы  Наурыз мерекесімен  құттықтады.

«Біз барлығын мерекемен құттықтаймыз, күн шуағы әр үйге бақыт, молшылық пен  денсаулық әкелсін,» — деді орталық директоры Г.Умаров.

Қан орталығы  қызметкерлері келушілерге арнап кең дастархан жайып,  арнайы дәм ұйымдастырды.

«Әрбір азаматтың моральдық міндеті өз қанының бір бөлігін науқастарға құю үшін  беру болып саналады. Бұл қағиданы адамдарға  нақты жеткізу қажет. Қан дегеніміз, науқастарға  таптырмайтын  дәрі ретінде саналады және оны сау адам ерікті өткізе алады,» — деді орталық басшысы.

Іс – шараға барлығы  60 шақты адам қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.