Атырауда жаңа офтальмологиялық орталық ашылды

0 3

Атырау облыстық офтальмологиялық аурухана жаңа көмек ғимаратын ашты. Жаңа консультациялық-диагностикалық көмек ғимараты 100 адамды қабылдауға арналған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған ғимарат құрылысы 3 жыл бұрын басталған. 2008 жылы ашылған облыстық офтальмологиялық аурухананың ескі ғимараты науқастарды толық қабылдай алмайды. Сол себепті аурухана ұжымы аурухананы кеңейту ісін қолға алған.

«Облысымызда соңғы 1-2 жылда келушілер саны артты. Бұл бір жағынан мамандар қабілетінің жақсарғанын көрсетсе, бір жағынан тұрғындардың көздерінің көруі нашарлағанының дәлелі. Науқастар көбейген соң бізге жаңа емдеу бөлмелері қажет болды. Осы тұрғыда ұжыммен ақылдасып, жаңа ғимарат құрылысын 3 жыл бұрын бастаған болатынбыз. Ғимарат толықтай аурухана қаражатына салынды. Ендігі мақсат — балалар мен жасөспірімдердің көзін емдеу қабілетін жақсарту. Осы мақсатта аурухана дәрігерлері Ресейге барып, тәжірибе алмасуда. Сонымен қатар, шетелдерден жаңа технологиялар әкелу жұмыстары жалғасуда»,-дейді бас дәрігер Мұрат Құсайнов.

Оның сөзінше, жаңа ғимаратта күнделікті 100 адам қабылдайтын амбулаторлық хирургия және диагностикалық орталық жұмыс істейді. Алдағы уақытта басшылық көз көруін қалыпқа келтіруге арналған тағы да 2 кабинет ашуды жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.