Қыздың үстіне декорация құлады

0 0

Маңынан өтіп бара жатып майып бола жаздады. Петропавлда мерекелік күнге орай тұрғызылған декорациялық арка 25 жастағы қыздың үстіне құлап кетті. Салмағы зіл батпан темір контрукция оның бел омыртқасына  қатты зақым келтірген, деп жеткізді КТК.KZ

Қала орталығында алаңсыз қыдырып жүрген жергілікті тұрғын үстіне  жантайған декорацияны аңғармай астында қалған. Алып темірге бастырылып, жанұшыра айғайлаған оны сол маңда жүрген адамдар байқап құтқарып қалады. Сөйтіп, жедел жәрдем шақыртқан. Ал, үш метрлік конструкцияны жел төңкеріп жіберген болуы мүмкін. Бірақ қалай болғанда арканың берік тұруына әкімдік жауапты. Өйткені құрған солар. Жарақат алған 25 жастағы қыз енді бұған қатысты шағымдана ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Өзі осы жағдайдан кейін ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқастың хәлі ауырлау дейді. Дегенмен өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Руслан Тасов, Петропавл қалалық №3 ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары:

«Әлбетте, оған ұзақ уақыт емделу керек. Мұндай жарақатпен түскен науқастар көбіне аяғына тұрып кетеді. Шамамен бір ай көлемінде ем алу керек болады. Оған ота жасалуы да мүмкін. Бірақ бұл жағы әлі шешілген жоқ, кеңесіп жатырмыз».

Leave A Reply

Your email address will not be published.