Әйел жаңа туған сәбилерін 10 жыл бойы мұздатқышта күйеуінен тығып келген

0 1

Бұл туралы The Local басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 38 жастағы әйелдің қыздарының бірі мұздатқыштан сәбидің қатып қалған денесін тауып алған. Ол бұл туралы бірден әкесіне айтыпты. Өз кезегінде әкесі полицияға хабарлаған.

Анықталғандай, сәби 2 тәулік бұрын дүниеге келген екен. Медицина қорытындысына сәйкес, сәбидің аман қалуға мүмкіндігі бар еді.

Тәртіп сақшылары пәтерге тінту жүргізіп, тағы 4 сәбидің қатып қалған денесін тапқан.

Полицейлер ерлі-зайыптыны тұтқындады. Алайда ер адам әйелінің 2005-2015 жылдар аралығында жүкті болғанын білмегендіктен, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Қазіргі уақытта соттың талқылауы болып жатыр. Әйел өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.