Қазақстанда жастарға арналған телеарна жұмысын бастайды

0 0

Қазақстанда жастарға арналған Jastar1 телеарнасы қосылады. Бұл туралы «Байтақ Болашақ» РҚБ президенті Азаматхан Әміртай Фейсбуктегі парақшасына жазды.

«Наурыз айында елімізде Jastar 1 жаңа телеарнаның тұсауы кесілмек. Онда қазіргі жастарға ең қажетті, ең пайдалы бағдарламалар көрсетілмек. Телеарнаның негізін қалаушы – тәжірибелі медиаменеджер Ілияс Башарұлы Ысқақов. Кезінде «Қазақстан» Ұлттық арнасының ең сапалы жобаларын іске қосқан ағамыз. Енді бар күшін аталған арнаға салмақ», — деп жазды ол.

Ол оқырман қауымды жаңа жылда жаңа телеарнаны көруге шақырды.

«Байтақ-Болашақ» альянсы да телеарнаның ашылуына өз үлесін қосты. Тәуелсіздік кезіндегі жеке азаматтардың үлесімен ашылып отырған бірінші қазақ телеарнасы! Сонымен, жаңа жылда жаңа арнаны көріңіздер!» — деп жазды ол.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.