Жамбыл облысында тұралап қалған ескі үйлер жаңғыртылып жатыр

0 2

Тоқсаныншы жылдардың тоқырауында Жаңатастан тұрғындар үдере көшіп, бүтін бір шағын аудандар қаңырап қалды. Содан біраз ғимарат тоналып-тозып, кейбірі тұруға жарамсыз деп танылған.

Ал жарамдысы қазір біртіндеп қайта қалпына келтіріліп жатыр. Жамбыл облысындағы осы бір шағын шаһарда таяуда 3 бірдей көпқабатты тұрғын үй елдің игілігіне берілмек. Кезінде Жаңатаста алпыс мыңға жуық халық тұратын. 214 көпқабатты үй болды. Уақыт өте тұрғындар саны 22 мыңға дейін кеміді.

Бос қалған үйлер бұзылып, қанқалары ғана қалды. Бірнеше жыл бұрын ғимараттар түгелдей сараптамадан өтіп, жарамсыз деп танылған 111 үй сүрілді. Ал жөнге келтіруге болады дегендері қайта жаңғыртыла бастады. Мәселен, мына үй наурыз айының басында пайдалануға берілді. Мұнда кезекте тұрған 120 отбасы қоныстанып отыр.

Меруерт Нарымбаева, қала тұрғыны:

– Орталықта орналасқан. Міне жанымызда базарымыз бар. Мектеп, балабақша барлығы осы жақын жерде орналасқан. Көңілімізден шықты. 4 баламның нәсібесіне қарай осы үйді алып отырмын. Жас маман Нұрсұлтан Абдуллакатовтың да қаладағы қайта жаңғыртылып жатқан үйлерден пәтер алуға үлкен үміті бар. Мемлекеттік қызметкер ол үшін кезекке тұрып, құжаттарын түгел дайындап қойған. Енді ескі үйлердің жөнделгенін күтіп жүр.

Нұрсұлтан Абдуллакатов, жас маман:

– 250-інші болып, кезекте тұрмын. Ары қарай жұмыс істеуімізге септігін тигізетін еді. Алдағы уақытта пәтер берілсе деген мақсаттамыз. 2008 жылдан бері қалада коммуналдық меншіктегі осындай 9 үй күрделі жөндеу көріп, 742 пәтер азаматтарға берілді. Қазір кезінде жекеменшікке өтіп кеткен 6 көпқабатты үйдің мәселесін оң шешу көзделіп отыр.

Балабек Нарбаев, Сарысу ауданының әкімі:

– Біздегі жекеменшік алты үй. Бизнесмендерді шақырып, «Жилстройбанкпен» келісіп, үйді ремонттаңыздар, сол арқылы ипотекаға бересіз» деп айтып отырмыз. Басқа қалаға қарағанда пәтер құны бізде өте арзан болады. Жергілікті әкімдіктің жоспары жүзеге асса, алдағы уақытта талай тұрғын өз баспанасына қол жеткізеді. Қазіргі таңда қалада 1900-дей адам пәтер кезегінде тұр.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.