Сауда үйіндегі өрттен зардап шеккендер саны 47 адамға өсті

0 9

Ресейдің Кемерово қаласындағы «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрт салдарынан зардап шеккендер саны 47 адамға өсті. Мұндай деректі дүйсенбі күні Ресей ТЖМ басшысының орынбасары Владлен Аксенов мәлім етті, деп жеткізді  ТАСС.

«Барлығы 84 адам зардап шегіп, өкінішке орай, соның ішінде 37 адам қаза тапты. Қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деді ол жедел кеңесте кезінде. В.Аксенов 64 адамның із-түзсіз жоғалғандығын атап өтті. Сондай-ақ, ол жанып жатқан ғимараттың қирап қалу қаупі барын хабарлады.

Бұдан бұрын «Зимняя вишня» сауда үйінде шыққан өрттен 37 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Тағы 43 адам зардап шеккен. Өрт сауда үйінің соңғы 4-қабатынан шыққан. Ғимараттан 20 адам құтқарылды, тағы 100 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Соңғы мәлімет бойынша, тілсіз жау ауыздықталған. Өрт 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыған.

Осыған дейін өңірдегі жедел әрекет ету қызметіндегі дереккөз мәліметінде 69 адамның (оның ішінде 40 бала) із-түссіз жоғалып кеткені жайлы айтылған еді. Зардап шеккендердің көбі ауруханада жатыр.

Жексенбіде күндізгі уақытта төрт қабатты сауда орталығында өрт шыққаны туралы хабар түскен. Өрт жоғарғы қабаттан шыққан. Өрт аумағы — мың жарым шаршы метр. Шатыры опырылды. Өрт толығымен сөндірілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.