ОҚО-да әуе шарларының фестивалі өтті

0 3

Оңтүстік Қазақстан облысында халықаралық «Ашық аспан» әуе шарларының фестивалі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлыстың ұлы күні — Наурыз» мерекесі аясында ұйымдастырылған шараға елімізден бөлек Ресей, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркияның спортшылары қатысты.

Онда фестиваль қатысушылары әуе шарларын көкте қалықтатып, көрермен көзайымына айналды. Сондай-ақ, тәжірибелі спортшылар әуе шарларын басқару бойынша шеберлік сабағын өткізді.

Жиын барысында қалықтаған 15 аэростатпен көкке көтерілу бақыты Шымкент тұрғындары мен қала қонақтарына да бұйырды. Фестиваль еліміздің эстрада жұлдызы Ғалымжан Молданазардың концертік бағдарламасына ұласты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.