Құрылыс саласына 60 млрд теңге жұмсалады

0 0

Өңірде бюджеттің қаржыландыруымен салынатын нысандардың жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуде әлі де нақтылай түсетін тұстар көп.    Алдымен тұрғындарға аса қажетті нысандардың құрылысын бастауға басымдық беріледі. Жобалық сметалық құжаттарды әзірлеуге қыруар қаржыны  жұмсамай, жергілікті бюджетті мейлінше үнемді пайдалану керек. Облыс әкімінің төрағалық етуімен өткен құрылыс жүргізу мақсатында әзірленген жобалық сметалық талдау және бюджет тиімділігін арттыру жөніндегі кеңесте осы мәселелер жан-жақты талқыланды. Бірқатар басқарма басшыларына аталмыш мәселелерге айрықша зер салу тапсырылды, деп хабарлайды Zhambylnews.kz.

Биыл облыста құрылыс саласында 299 жобаны қолға алу жоспарланған. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы құны 60 миллиард теңге көлемінде болмақ. Дегенмен, құны жоғары көрсетілген кейбір жобалар  әлі де зерделеуді қажет етіп отыр.

Мәселен, Жуалы ауданы, Алатау ауылындағы 80 орындық мектептің жобалық сметалық құжатының қажетті қаражат мөлшері 624 миллион теңге деп көрсетілген.  Алайда, салалық басқармамен жүргізілген нақтылаудан соң бұл сома 289 миллион теңгеге дейін азайды.

Демек, бұл орайда жергілікті билік пен салалық басқарма басшылары ең әуелі халықтың қажетіне жарайтын құрылыс нысандарын пайдалануға беруге мүдделі болғаны жөн. Сәйкесінше, алдағы уақытта апта сайын әр саладағы құрылыс нысандарының қажеттілігін нақтылау бойынша өтетін жиынға олар өз ұсыныстары мен талап-тілектерін әзірлеуі керек. Жиын барысында өңірде бой көтеретін нысандардың жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу ісіне салалық басқармадан басқа тағы бір құрылым мен арнайы құрылған жұмысшы тобын тарту мәселесі де көтеріліп, өз шешімін тапты.

Жиын кезінде бюджет заңнамасының орындалуының тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары да талқыланды.  Бұл жоспар 18 бөлімді қамтитын 156 іс-шарадан тұрады.

Жоспардың алғашқы бөлімдерінде өңірдің әлеуметтік-экономика даму мүмкіндіктері жан-жақты зерделеніп, үш жылдық бюджеттің параметрлері мен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар қаралады. Ал, жоспардың  «Жобалық-сметалық құжаттамаларды әзірлеу» деп аталатын бөлімінде нысандардың құрылысын жүргізуде ескерілетін негізгі параметрлер нақтыланған. Құжаттың қалған бөлімдерінде бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобасын ұсыну тәртібі, бюджет түсімдерін болжау және нақтылау бойынша шараларды жүзеге асыру мәселелері жіті зерделенген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.