Жамбыл облыстық прокуратурасының қызметкері құрықталды

0 0

Жамбыл облысы прокуратурасының аға көмекшісі пара алмақшы болды деген күдікпен ұсталды, — деп Zhambylnews AA хабарлайды Zakon.kz сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 29 наурызында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д. Әбдіхалық пен бұрын сотты болған А. Өтешбаев – ты ұстады.  Д. Әбдіхалық делдал А.Утешбаев арқылы Тараз қаласының ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру (қоныс колониясы)  туралы мәселені шешу үшін 1,2 миллион теңге пара алу әрекеті жасалды деген күдікпен ұсталып отыр.», — деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Прокаратураның мәліметінше, қазіргі таңда екі күдікті де ұсталып, Тараз қаласының ІІМ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Іс бойынша тиісті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.