Қазақстанда дəрігерлер тапшылығы 9 пайызға азайды

0 1

Сенаттағы «Үздік денсаулық сақтау ісі — дені сау ұлт» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өткен жылы дәрігерлер тапшылығы 9 пайызға төмендегенін атап өтті.

«Денсаулық сақтау саласында 209 мыңнан астам қызметкер, оның ішінде 57 мың дәрігер мен 152 мың мейірбикелер жұмыс істейді. 2017 жылы дәрігер мамандарына деген тапшылық 9 пайызға төмендеді», — деді Е. Біртанов. Бұдан бөлек ол өңірлерге дәрігерлерді тарту және оларға әлеуметтік қолдау көрсетуде жергілікті атқарушы органдардың маңызды рөлін атап өтті.

«Әкімдіктер өңірлерде медициналық қызметкерлерді бекіту мен тұрақтандыру жұмыстарын тиісінше жүргізбей отыр деп ойлаймыз. Денсаулық сақтау басқармалары шаруашылық жүргізу құқығына өткен кәсіпорынға дәрігерлердің жалақысын өз бетінше белгілеуге мүмкіндік беретін медициналық ұйымдардың әлеуетін жұмылдырмай отыр. Біз биыл арнайы әдістемелік көмекті осы мемлекеттік кәсіпорынға дайындап, жеткіземіз. Біздің ойымызша, қазіргі кезде осы денсаулық сақтау қаржыландыру көлемінде кейбір дәрігерлер мен мейірбикелердің жалақысын көтеруге әр мекеменің өзінің мүмкіндіктері мол»,- деді министр.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.