Жамбыл музейі Астанаға арнап көрме ашты

0 3

Жамбыл облыстық тарихи — өлкетану музейінде  «Ел жүрегі — Астана» көрменің салтанатты түрде ашылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Ұлттық музеймен  біріге ұйымдастырылған көрме Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналды.

Аталмыш көрмеде Бас қаламыздың табиғи ландшафтымен қоса қаланың қалыптасу, даму мен заманауи бірегейлігін көрсететін Қазақстанның жетекші суретшілерінің картиналарынан жасақталған.

Көрменің құрамына кіретін В. Богданов, А.Шиманович, Т.Товтин, Л.Блинов, П.Данилов, Т.Әбуовтердің «алғашқы қадамдар» туралы, кең жазық даланың игерілуі туралы, қала құрылысының басталуы туралы сыр шертетін ең ерте жұмыстары 1950-60 жылдарға тән. Олар деталдарды берудегі дәлдік сақталған соцреализмнің барлық заңдылықтары бойынша жазылған. Сондықтан, бұл картиналардан өткен оқиғалардың нанымды бейнесін елестете аласыз.

Ал, жаңа заманның суретшілері Е.Төлепбаев, А.Мұратбаев, Қ. Ахметжан, М.Бекеев, А.Мұқажанов, Л.Махат, К.Муллашев, С.Смағұлов, А.Оспанов өз суреттерінде өткен, осы және келер шақтарды ажырамастай байланыстырған. Бұл жаңа суреттеу құралдарымен жырланған жаңа әлем.

«Ел жүрегі — Астана» көрмесінде Тараз қаласы суретшілерінің де жұмыстары қойылады. Ескі шаһар Тараз бен жас қала Астанамыздың тарихы суретшілердің ақ кенебінде тоғысады. Есілдің суы таласқа құйылып, арнасына сыймаған суретшілердің еңбектері бір көрме залында халық назарына ұсынылатын болады.

Көрмені тамашалаған сыйлы қонақтардың қатарында республикалық Ұлттық музейдің мамандары, облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов, Мәдениет, архив пен құжаттамалар басқармасының басшысы Дүйсенәлі Бықыбаев, қаламыздың әйгілі суретшілері Фатима Тарази, Николай Денисов, Вера Жуланова, Ульяна Распутина, т.б. болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.