Қазақстан — Италия шеберлерінің көрмесі өтеді

0 1

Венециялық қолөнерді алғашқылардың қатарында Әулиеаталықтар тамашалайтын болады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

Италия  қолөнершілері қазақи  құндылықтарға қызығушылық танытуда. Олар ұлттық мәдениетіміздегі  айшықты белгілерді өз туындыларына қосып, мурана шынысынан жасалған құнды жәдігерлерді жасап шығарды.

Қазақстан-Италия көрмесіне суретші, шыны әрлеуші Джордж Спеццамонти, суретші Светлана Коста сондай-ақ, дизайнер Айдархан Қалиев қатысатын болады.

«Көне Тараз жаңғырығы. Еуразияның мәдени көпірлері» атты шара 28  сәуірден бастап  Облыстық көрме залында өтпек. Онда шыны үрлеуші маэстро Пино Синьоретто мен гонконгтық сәнгердің қолынан шыққан қайталанбас дүниелерді де тамашалауға мүмкіндік туады. Экспонаттар қатарында жылқы, қызғалдақ үлгісіндегі құмыра, Абылайхан шапанындағы өрнек бейнеленген тағам салғыш және Астананың  әсем көріністері бар.

«Тараз жері көне жауһарларға, жәдігерлерге толы. Мәдениеті де мықты дамыған. Сондықтан неліктен өзіміздің өлкеден бастамасқа деген ой келді. Италияда мурано қолөнері 7 ғасырдан бастау алса, 9-шы ғасырлардағы шыны қалдықтары біздің шаһардан да табылды. Бұл дегеніміз мәдени байланыс. Рухани жаңғыру турасында сыры ашылмаған құнды дүниелерімізге терең бойлауға септігін тигізуі әбден мүмкін», — деді дизайнер Айдархан Қалиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.