Жамбыл облысында асылтұқымды мал басы артып келеді

0 1

Шу ауданында асылтұқымды мал басы артып келеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

Аудан орталығынан небәрі 12 шақырымда орналасқан Көктөбе ауылының тұрғындары мал шаруашылығымен айналысады. Сондағы «Нұрбек» шаруа қожалығы үкіметтің көмегіне сүйеніп 2016 жылы бір асылтұқымды бұқа мен сүт бағытындағы 30 сауынды сиыр алып, оның сүтін субсидияландырған.

«Ал, осы ауылдағы «Нұреке» шаруа қожалығы ет бағытындағы асылтұқымды бұқалармен айналысады. Мал бордақылау алаңында қазірдің өзінде 80 бас мүйізді ірі қара тұрса, ет өнімі Шу өңірімен қатар, Алматы қаларына жіберіледі. Жалпы Шу ауданы бойынша былтыр 14 мың тонна ет өндірілсе, оны Меркі ет зауыты арқылы шетке де шығаруға мүмкіндік туып отыр,- дейді аудан басшылары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.