Студенттерге аударылған 18 кітап таныстырылды

0 1

Тараз мемлекеттік университетінде «Гуманитарлық білімді жаңарту – қоғамдық сананы жаңғырту негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беру үшін “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы қолға алынған.

Аталған жобаның аясында әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында оқытылатын танымал оқулықтар қазақ тіліне аударылуда.

2017 жылы аталған ғылым салалары бойынша іріктелген 18 кітапты аудару жұмыстарына 90-нан аса отандық белгілі ұстаздар, ғалымдар және аудармашылар қатысқан.

Бұл аудармалар отандық білімгерлерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасамақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.