Таразда «Мемлекеттік рəміздер күні» аталып өтуде

0 2

Бүгін — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рəміздеріне 26 жыл толуына орай, «Достық» алаңында шеру ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

«Елтаңбам — елдігім, көк туым — теңдігім» атты акцияға мотобайкерлер мен велошабандоздар, әскери үрмелі оркестр, мектеп оқушылары, білімгерлер, мекеме қызметкерлері мен оқытушылардан құралған ұжымдар қатысты.

1992 жылғы маусымның 4-де тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі қалды. Міне, енді бүгін мемлекеттік символдарымызға 26 жыл толып отыр.

Мемлекеттік рәміздер — мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі. Көгілдір түсті туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етті. Мемлекеттік рәміздер күні — Қазақстандағы мүлде жаңа мейрам, әйтсе де оны қазақстандықтар асқан патриоттық сезіммен мерекелейді.

Шеруге қатысушылар орталық алаңнан ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін жүріп өтті. Акция соңы саябақтағы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.