Жамбыл облысында «қызыл сызықты» бұзған 25 нысан анықталды

0
31

Бұл мәлімет облыс әкімдігінің баспасөз орталығында өткен облыс әкімінің орынбасары Еркебұлан Дауылбаев, қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов қатысқан брифингте мәлім болды, – деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Ағымдағы жылдың 6 сәуірінде Жамбыл облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы, облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылау басқармасы және қала мен аудан әкімдіктері бөлімдерінің мамандарынан құрылған арнайы комиссиясының талдауы бойынша, бүгінгі күнге, сәулет және құрылыс нормаларын бұза орналасқан 25 нысан анықталып, талдаулар жүргізілген.

«Қызыл сызық» талаптарын бұзу фактілері көбінесе Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Сарысу, Талас және Шу аудандарында орын алған.

Нәтижесінде, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» (ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі №242) Заңының 17 бабы 5,6,7 және 10 тармақтарындағы талаптар бұзылған.

Осыған байланысты, Тараз қаласында орналасқан кәсіпкерлік нысанның 6 – ы құрылыс нормаларын бұзу себептері бойынша тиісті шара қолдану үшін қажетті материалдары сотқа жолданған. Мысалы, Тараз қаласы Жамбыл даңғылы №7 мекенжайда орналасқан «Сауда» дүкені – 16 метр, Жамбыл даңғылы №7 мекенжайда орналасқан «Джамиля» кафесі -15 метрге асып кеткен.

Құрылыс салу шекарасы мен «қызыл сызық» нормалары бұзылып жүргізілген кәсіпкерлік нысандарды талдау, зерделеу жұмыстары жалғасын табуда.

Жауап калдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here