Жамбылдық оқушылар «Нұр Әлем» сферасына саяхаттады

0 0

Ағымдағы жылы «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, облыс әкімдіктері мен ҚР «Атамекен» ӨКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы жасалған Меморандумға қол қойған болатын. Осы орайда, тиісті шаралар іске асырылуда, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Атап айтар болсақ, жасалған Меморандум аясында жақында «Болашақ энергиясы» мұражайын Жамбыл облысының оқушылары тамашалап қайтты. Сондай-ақ, ұлттық компания және мұғалімдермен «Халқымның ұлттық дәстүрлері» тақырыбында және әр қабатта өткізілген шағын экскурсия түрінде ағылшын тілінен ашық сабақтар ұйымдастырылды.

«Жоба аясында Отанымыздың салт-дәстүрлеріне арналған инсталляциялары бар зал үлкен әсер қалдырды. Оқушыларды қызықтырғаны интерактивті ашық сабақ. Балалар алған әсерлерін түрлі түсті қарандаштың көмегімен қағаз бетіне түсірді,» — деді облыстық мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығының әлеуметтік-мәдени бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі Ольга Сагандыкова.

Айта кетерлігі, жас суретшілер Сфераның әр қабатында суреттеме орындап, соңында бірінші қабатта тосыннан ұйымдастырылған көрмеде балалардың қылқаламынан шыққан шығармаларымен барлық келушілер таныса алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.