1920 жылғы қару мен жарылғыш зат полицияға тапсырылды

0 5

Ақтөбелік тұрғын Кеңес Одағы кезінде шығарылған «Фроловка 28» қаруын полицияға тапсырды. Сонымен қатар, ауладан табылған жарылғыш зат жойылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Ақтөбеде қару сатып алу акциясы өтті. Қаруды заңсыз сақтап отырғандар 10 сәуір мен 30 мамыр аралығында оны тапсырып, сыйақы алу мүмкіндігіне ие болды. Барлығы 119 қару сатып алынды. Сонымен қатар, 1400-ден астам оқ-дәрі тапсырылды.

«Ақтөбелік тұрғын 82 мм болатын жарылғыш затты тапсырды. Ол оны өз ауласынан тауып алған. Ал тағы бір тұрғын «Фроловка 28» қаруын өткізді. Қару Кеңес Одағы кезінде, 1920 жылы шығарылған. Өте ескі әрі жарамсыз күйге түскен. Негізі бұл қару 1891 жылы Тульский қару-жарақ зауытында шығарылған. Тұрғындар заңсыз сақтап отырған қаруын өз еркімен тапсырса, барлығы қылмыстық жауапкершіліктен босатылады»,-деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі. 

Leave A Reply

Your email address will not be published.