Алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

0 4

Синоптиктер 12-14 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері республиканың солтүстік жартысында өткінші жаңбыр жауады.

Қазақстанның солтүстік жартысында басымырақ найзағайлы өткінші жаңбыр тудыратын атмосфералық фронттар Батыс Сібір арқылы жылжитын циклонмен байланысты. Сондай-ақ, республиканың оңтүстік жартысының кей жерлерінде найзағайлы өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, бірақ мұнда кей жерлерде бұрыңғысынша максималды ауа температурасы плюс 40…43 градусқа жететін болады», — дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Leave A Reply

Your email address will not be published.