Инстаграмда жаңа мүмкіндік пайда болды

0 0

Енді Instagram пайдаланушылары достарының қайсысы онлайн екенін көре алады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Қосымшаның жаңа нұсқасында желіде отырған пайдаланушылар Facebook мессенджеріндегідей жасыл нүктемен белгіленетін болады. Пайдаланушы мәртебесін ол адам достар тізімінде болса ғана көру мүмкіндігі болады.

Қажет болса, бұл мәртебені жасырып қоюға болады. Бұған дейін Инстаграмда онлайн отырған достарды тек Дайрект бөлімінде ғана көруге болатын. Ал жаңа нұсқада жасыл белгі жаңалықтар таспасында белсенді пайдаланушылар фотосуреттерінің жанында шығып тұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.