Қазақстандықтарға тұмаудың жаңа түрі қауіп төндіреді

0 3

Қазақстанда 1 қазаннан бастап тұмау мен өзге де аурудың алдын алатын екпе салынады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің күзет комитетінің басшысы Жандарбек Бекшин айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

— Биыл біз қазаннан бастап вакцинациялауды бастаймыз. Қазақстанға 1,5 миллион доза вакцина жеткізілді. Облыстық әкімдіктер осы мақсаттар үшін 1 200 млн теңге жұмсады.  Біз ең тиімді уақытта, қазан, қараша, желтоқсан айының бірінші жартысында егуді аяқтауға тырысамыз. Қазан айында вакцинациялау тиімді, – дейді Жандарбек Бекшин.

Қазан айында екпе салдыру басталады. Кей өңірде одан ерте басталуы да мүмкін.

Айтуынша, биыл тұмаудың А(HINI) – Мичиган, А (H3N2) – Сингапур, В-Колорадо штампты үш түрі жүреді.

— Екпе барлық аймаққа жеткізілді. Ең  қауіпті штамп  – А (H3N2) – Сингапур, бұл тұмаудың жаңа түрі. Біздің халықтың ағзасын оған үйренбеген. Қауіптілігі де сонда, – дейді Бекшин.

Мәліметке сүйенсек, Қазақстанның 10 пайыз тұрғыны  жыл сайын екпе салдырады.

2018 жылы мемлекет есебінен Ресейде жасалған 1,5 млн доза «Гриппол +» екпесі алынды. Екпе  A(H3N2), А(H1N1),  В штампты тұмау түріне қарсы. Қазақстанда тұмауға қарсы тағы үш түрлі екпе бар. Олар «Ваксигрип», «Ваксигрип Тетра» (Франция), «Инфлювак», (Нидерланды) және Қытай өндірген екпе.

— Жыл сайын әлемде 500-700 адам тұмаудан қайтыс болады. Бұл өте қауіпті ауру. Былтыр Қазақстанда адам өліміне қатысты бір жағдай тіркелді, – деді Жандарбек Бекшин.

Leave A Reply

Your email address will not be published.