Емханаға қалай тіркелу керек?

0 2

Қазақстанда 15 қыркүйекте тұрғындарды емхана тіркеу науқаны басталды. Sputnik Қазақстан емхананы таңдау және оны ауыстыруға байланысты барлық сұраққа жауап беретін инфографика ұсынады.

Емханаға тіркеу науқаны жыл сайын 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығынде өтеді.

Бұрынғы емхананың қызметі көңіліңізден шықса, тіркеу науқаны барысында қайта тіркелудің қажеті жоқ.

Емхананы басқа жерге қоныс аударғанда, жұмыс, оқу орны, жазасын өтеу орнын ауыстырғанда, әскери борышын өтейтін кезде, медициналық мекеме жабылғанда немесе қайта ұйымдастырылғанда ауыстыруға болады.

Өзіңіз тіркеуде тұрған емхана қызметіне көңіліңіз толмаған жағдайда да өзге емдеу ұйымына тіркелуге болады. Жарты жылда бір реттен жиі емхананы ауыстыруға болмайды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.